ҚМДБ: Өңірлердің жаңа өкіл имамдары белгілі болды

    668

    Нұр-Сұлтан. 18 қазан. KAZISLAM – Бүгін еліміздің бірқатар өңірлерінде ҚМДБ-ның өкіл имамдары жаңадан тағайындалды.

    Өткен жұмада «Нұр-Астана» мешітіндегі бас имамдық қызметін тәмамдап, жамағаттың алғысына бөленген Асқар Мұқанов бүгін Семей өңірі бойынша өкіл имам және қалалық «Қос мұнаралы» мешітіне бас имам қызметіне тағайындалса, Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің Бас имамы лауазымына «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің түлегі, магистр Алтынбек Ұтысханұлы тағайындалды.

    Сондай-ақ, ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы және Ақтау қаласы орталық мешітінің бас имамы қызметіне «Халал Даму» ЖШС директоры Әнуар Елжанов тағайындалды. 

    Пікір жазу