ҚМДБ төрағасы Ресей мүфтиімен кездесті

    0
    104

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз жуырда Елордада өткен «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заман сын-қатерлері» атты IV Халықаралық ғылыми-діни конференциясы аясында Ресей мұсылмандары діни басқармасы және Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы, мүфти, шейх Равиль Гайнутдинмен кездесті.

    Кездесуде Қазақстан және Ресей мұсылмандары діни басқармаларының ұйымдастыруымен өткен халықаралық конференцияда көтерілген мәселелер сөз болды. Қос мүфти екіжақты келісім аясында діни саладағы ынтымақтастықты арттыру туралы уағдаласты. Кездесу соңында бауырластық байланысты арттыруға ықпал ететін бірлескен жобалар жайы жан-жақты талқыланды.

    Серікбай қажы Ораз Равиль Гайнутдинге ҚМДБ-ның жаңа ғимаратын таныстырып, мүфтияттың жұмысы жайлы әңгімелеп берді. Дін қайраткерлері мүфтияттың жанындағы мұражайды аралап, тарихи мешіттің сәулет құрылысымен танысты. Жаңа ғимаратты аралаған Равиль Гайнутдин мүфтияттың игілікті жұмыстары мен екі ел мұсылмандарының бірлігі мен ынтымағы үшін дұға жасады.