ҚМДБ Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі тағайындалды

    442

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Жаппасбаев Марат Абдуллаұлы Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

    Жаппасбаев Марат Абдуллаұлы

    1986 жылы туған.

    2009 жылы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетін Исламтану мамандығы бойынша аяқтаған. «Қаржы» мамандығы бойынша магистр.

    Қызмет жолын 2009 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Дін істері бөлімінің референті қызметінен бастаған.

    2010 жылы Діни оқу-ағарту бөлімінің маманы,

    2019 жылдың ақпан айынан бастап Діни білім және кадр дайындау бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.

    Отбасылы, 2 ұлы бар.