Қарағанды: Тұрғындарға зайырлылық қағидаттары түсіндірілді (ФОТО)

    169

    22 тамыз. KAZISLAM – Тамыздың 19-21 күндері аралығында Қарағанды облысының Абай, Ақтоғай, Шет аудандары мен ауылдық округтерінің жергілікті тұрғындарына ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

    Кездесуге облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, Қарағанды облысы дін істері басқармасы орталығының дінтанушы маманы С.Тілекбаев, ҚарМТУ аға оқытушысы, мәдениетанушы Ж.Түсіпбеков, Бұқар жырау ауданының Үштөбе ауылы мешітің бас имамы Ж.Нығыман, Қарағанды облысы конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығының инспектор-маманы Б.Күзекбай қатысты.

    Кездесулер барысында зайырлылық қағидаттары, дін саласындағы мемлекеттік саясатты, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, діни экстремизмнің алдын алу және радикалдық идеяларға қарсы иммунитетті қалыптастыру жөнінде түсіндірілді.

    Сондай-ақ ел аумағында діни алауыздықты немесе араздықты тудыруға бағытталған жат идеологияға қарсы күрес пен оның ықпалына түспеудің жолдары ауқымды түрде түсіндіріліп, «Жусан» гуманитарлық операциясының жүзеге асуы мен қайта оралған азаматшаларды бейімдеу орталықтары туралы бейнеролик көрсетілді.

    Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары нәтижесінде аудан және ауыл тұрғындар тарапынан дін саласындағы мемлекеттік саясатты қолдайтындарын білдірді.