Қанат ЖҰМАҒҰЛ: Халал өнім дегеніміз – сапалы өнім

    0
    212

    24 маусым. KAZISLAM – Таразда «Һибатулла Тарази» мешітінде «Халал» сертификатын алған өндірістердің өнімдері ұсынылған жәрмеңе өтті, деп жазады muftyat.kz.

    Шараға Нұр-Сұлтан қаласынан келген ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС ұйымының сарапшы-технолог мамандары қатысқан.

    Жәрмеңкені ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, бас имам Қанат Жұмағұл ашып:«Біздіңше, халал өнім дегеніміз не? Ол доңыз еті, спирттік қоспалар қосылмаған өнім деп қысқаша түсінетіндер бар. Негізі, халал өнім дегеніміз – сапалы өнім. Адам баласының денсаулығына зиянын тигізбейтін, пайдасы бар зат дегенді білдіреді. Қазақстан бойынша халал сертификатын алғандардың ішінде 25-30 пайызы Жамбыл облысынан шығатын тағамдар»,— деп атап өтті.

    ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС ұйымының жетекшілігімен өткен іс-шараға сауда орталықтарының басшылары, қала тұрғындары келіп қатысты.

    Ал көпшілікке ЖК Досматов, ЖК Тахир, ЖК Исматов, «Әулиета құс», «Дас», «Ақниет», ЖК Қыдырбаев сынды 10 шақты халал өндіріс орындарының өнімдері ұсынылды.

    ҚМДБ «Халал Даму» ұйымының Жамбыл облысындағы өкілі Нұрматжан Миразизов Жамбыл облысын «Халал шұжықтың орталығы» деп атады. Жәрмеңке аталған халал тағамдарға жарнама жасай отырып, халықты адал ас тұтынуға шақырды. Ал сауда орталықтарының иелері болса, жәрмеңкеде ұсынылған өндіріс орындарымен келісім шарт жасасуға, өз сауда орындарында осы өнімдерді сатуға шақырды.

    Өкіл имам шара соңында ҚМДБ халал сертификатын тек Қазақстан фабрика, цехтары ғана емес, көршілес Ресей сынды елдер де алып жатқанын, алуға тырысып жатқанын жеткізді.