Қазақтар неге ұлттық тамақ ретінде ет ауқатты таңдады?

    516

    Жануарлардың етті сүйектерін қайнату және оның сорпасын ішу — адамзат пайда болғаннан бері келе жатқан дәстүр. Сонымен қатар, қазақ халқы бұны ұлттық тағам ретінде қабылдап, «Бес бармақ» деп ат қойып ұлттық санаға сіңіре білді. Осы тұста неге бұл тағам түрін ұлттық мәдениетімізге енгізді және неге бұл атауды алды? деген сұраққа жауап іздеп зерттеп көрген едік.

    Медицина тұрғысынан адам ағзасы күнделікті қажет еттіретін коллаген, глутамин және пролин сынды дәрумендерді,  заманымыздың ғалымдары зерттей келе, төрт-түлік малдың сүйектерін қайнатқанда пайда болатынын анықтады.

     

    Сүйек сорпасы өміріміздің бір бөлігі

    Төрт-түлік малдың етінен жасалатын ұлттық тағамымыз қазіргі таңда қаладағы көптеген мейрамханалардың мәзірінен табуға болады. Сонымен қатар, ет ауқаттың сорпасының пайдасы, амин қышқылдары антиоксиданттарға әсері бар және дененің күш қабілетін арттырып, сүйектер мен бұлшық ет құрылымын нығайтады.

    Коллагенге бай сүйек сорпасы шаш пен тырнақты нығайтады, теріні тазартады және әжімнен қорғайды. Сонымен қатар, ет ауқаттың сорпасы иммунитетті күшейтеді, бұған қоса алғанда қыс айларында денсаулыққа пайдасы орасан зор пайдалары бар.

     

    Ет ауқаттың сорпасының ішінде не бар?

    Егер сіз ет ауқаттың сорпасын оның тағамдық қасиеттеріне байланысты ішсеңіз, сізге қажетті барлық витаминдерді бойыңызға қабылдап, денсаулығыңыздың жақсы болуына себепкер болып жатырсыз.  Ет ауқат сорпасының құрамында коллаген витаминіне бай. Сонымен қатар құрамында темір, кальций, D дәрумені, С және В1 дәрумені, яғни тиамин бар.

    Бұған қоса алғанда, коллагеннен алынған желатин ұйқыны реттеуге және көңіл-күйді көтеруге орасаң зор пайдасы бар. Қайнатылған сүйек сорпасының тағы бір маңыздысы глютамин витамині. Бұл витамин адам ағзасы глюкозадан пайда болатын ең маңызды витаминдердің бірі.

    Ет ауқат сорпасын тым көп тұтынуды медицина құптамайды. Өйткені ол нейтрофинге айналуы мүмкін, яғни пайдасынан гөрі зияны көбірек болады.

     

    Етті қанша уақыт қайнатқан абзал?

    Ет пен сүйекті бірге пісіргенде, оны қысқа мерзімде жүйелі түрде жеуге болады. Бірақ сүйекпен бірге ұзақ уақыт қайнату қажет. Сүйекті ет  6 мен 8 сағат арасында суда қайнағанда, еттен де, сүйектен де бөлінетін витаминдер толықтай суға сіңеді және етпен сүйек бір-бірінен ажырап жеуге де ыңғайлы болады.

     

    Коллагеннің маңыздылығы  қандай?

    Коллаген витамині теріні серпімді етуге (әжімнен сақтайды) және сүйектерді сау ұстауға көмектеседі. Қартайған сайын ағзамыз аз коллаген өндіре бастайды. Америкалық кардиохирург және диетолог Стевен Гундридің айтуынша, тікелей коллаген витаминін ішкен жағдайда, ағзамызға тікелей коллаген ретінде сіңірілмейді.

    Коллаген басқа витаминдер сияқты, ағзаға енбейді және өз жұмысын толық атқара алмайды. Біз коллаген сияқты күрделі ақуыздарды қабылдағанда, коллаген шығаратын ағзамызды емдей алмаймыз.

    Алайда, біз пролин және лизин сияқты коллагенді құрайтын аминоқышқылдар тұтынсақ, яғни  біз пролин мен лизинге бай тағамдарды немесе қоспаларды, коллаген құрамындағы негізгі екі аминоқышқылдарды жейтін болсақ, онда организм де коллаген өндіре бастайды. Сонымен қатар, ет ауқат  сорпасын тек коллаген үшін ғана тұтынбауымызды және тағам ретінде қолдануымызды маңызды деп санайды — Гундри.

    «Ет – етке, сорпасы — бетке» деген мақалдың, сорпасы неге бетке дегенін енді түсінгендей болдық. Адамның қаншалықты саулықты немесе науқас екенін жүзіне қарап аңғарған дана халқым, өскелең ұрпағына қалдырған мақалының астарында «Салауатты өмір салтын» ұстануды білдірген деуге негіз бар.

    Исатай Бердалиев

    Ықшамдап аударған Теология ғылымдарының докторы

    Пікір жазу