Ислам и наука

«Қазақстандық исламтану мектебінің» мақсаты қандай?

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2018 ҚМДБ-мен бірлесіп «Қазақстандық исламтану мектебі» жобасын жүзеге асыруды қолға алған болатын. Бұл туралы ведомство басшысының орынбасары Берік Арын былай дейді:

«ҚМДБ-мен бірлескен маңызды жұмыс – «Қазақстандық исламтану мектебі» жобасын жүзеге асырудың алғашқы жылы аяқталды. Жобаның негізгі мақсаты – дәстүрлі исламның заманауи талаптарға сай бірыңғай идеологиялық платформасын қалыптастыру. Осы мақсатта бір жыл ішінде 16 еңбек және ғылыми ұсыныстар әзірленді».

Сондай-ақ, вице-министр ақпараттық-түсіндіру жұмыстарындағы өзгерістерді де тілге тиек етті. Оның айтуынша, Республика бойынша дін саласындағы ақпараттық түсіндіру топтарының саны 300-ден 211-ге дейін қысқарған. Дінтанушылардың, ҮЕҰ сарапшылары мен БАҚ өкілдерінен құралған түсіндіру топтарының құрамы қайта қаралды. Бүгінде ақпараттық түсіндіру топтарының құрамында 2623 адам жұмыс жасайды.

«Топтың лекторлық құрамының біліктілігін арттыру бойынша нақты шаралар қабылданды. Атап айтқанда арнайы оқу бағдарламалары бойынша барлық деңгейдегі 2,5 мың дәріс берушілер оқудан өтті. «Дін мәселелері бойынша аймақтық АТТ мүшелерін даярлау және қайта даярлау» жобасы қосымша іске асырылуда. Барлығы 5 семинар аясында 500 дәріс берушілер қайта даярлаудан өтті. Қазіргі уақытта ақпараттық түсіндіру топтары белгіленген нысаналы топтар мен атаулы нүктелік бағытта жұмыс жүргізуге қайта бағдарланды. 2018 жылы түсіндіру топтарымен 2 млн адамды қамтыған 38 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылды»-дейді Б.Арын.

Биыл Мемлекет басшысының жарлығымен «Жастар жылы» деп белгіленгендіктен діни насихат саласында да жастарға ерекше көңіл бөлінетіні даусыз. Ал былтыр жастармен 800 мыңға жуық адамды қамтитын 14 мың іс-шара өткенін айта кетейік.

 

Далее

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close