Қазақстанда алғашқы Ислам мәдениеті музейі ашылды

    695

    11 тамыз. KAZISLAM – Бүгін қасиетті Құрбан айт мейрамында облыстық «Халифа Алтай» мешітінде Қазақстандағы алғашқы Ислам мәдениеті музейі ашылды, деп жазады Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өзінің facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.  

    Бұл жер ислам тарихымен қатар, халқымыздың дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптары туралы сыр шертеді.

    «Музей үш бөлімнен тұрады. Атап айтсақ, тәңірге табынушылық, біздің жердегі исламның пайда болуы мен таралуы, қазіргі таңдағы ислам. Бұдан бөлек, Ұлыбританияның Кембридж университетінен, Түркия елінің жетекші кітапханаларынан алынған, 100 және 200 жылдық тарихы бар кітаптар қойылды. Олардың қатарында Оғызнама дастаны, Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани Хикмет» атты даналық кітабының түпнұсқасы бар. Сондай-ақ, Қағба мен көне Атлах қаласының макеттері жамағат назарына ұсынылады» –дейді аймақ басшысы Д.Ахметов

    Сонымен қатар, қазақ, араб, ағылшын және орыс тілдерінде Құранның электрондық нұсқасы да орнатылған.