Қадір түнінің Рамазанның 27-сі екеніне дәлел бар ма?

    932

    Сұрақ: Қадір түнінің Рамазанның 27-сі екеніне дәлел бар ма?

    Жауап: Зирр ибн Хубайш: «Убай ибн Кабға (р.а) Ибн Мәсғуд (р.а): «Жыл он екі ай барлық түндерді ұйқысыз өткізген жан Қадір түнін іздеп, оған маңыз аудармаса да болады» деген кезде, ол былай деп жауап берді: «Өзінен басқа жаратушы болмаған Жаратушы Иеме ант етейін! Қадір түні Рамазан айының ішінде.

    Қадір түнінде Алла Елшісі (с.ғ.с.) бізге намаз оқуды бұйырған еді. Ол түн Рамазанның 27-ші түні болатын. Қадір түнінің белгісі – таң рауандап атқан шақта, күннің аппақ және шапағының жанарды ауыртпайтындай болып тууы» (Муслим, Салатул-Мусафирин, 179) деген хадисті рияуаят етеді.

    Ал, Абдуллаһ ибн Омар жеткізген риуаятта Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Қадір түнін іздегендер Рамазаның 27-ші түнінен іздесін» (Ахмад ибн Ханбал, Әл-Муснад. VIII, 426) деп, бұл түнді құлшылықпен өткізуге шақырған.

    Мұхан Исахан

    2 ПІКІРЛЕР

    1. Ол түннің нақты қай түнін екенін мұсылмандар құлшылыққа мықтап ден қоюы үшін жасырып қойған. Алла Тағала жақсырақ білуші!

    2. Көбі 27-ші түнді ғана күтеді. Негізі Рамазанның барлық күндері мен түндері қасиетті ғой.

    Comments are closed.