Қадір түніндегі 10 сауапты амал мен күнәлі әрекет

    2009

    Әбу Хұрайра (р.а.) сахабамыз жеткізген хадисте Алла елшісі (с.ғ.с) «Кімде кім Қадір түнінің артықшылығына сеніп, сауабын Алладан күтіп, ғибадат, құлшылықпен өткізсе, өткен-кеткен күнәлары кешіріледі» делінген (Бұхари, Қадір, 1).

    Бірде Айша анамыз пайғамбарымыздан (с.ғ.с.): «Уа, Алланың елшісі! Егер Қадір түніне жетсем қандай дұға оқиын?», – деп сұрағанда, Ол: «Аллаһумма, иннәкә афуун, тухиббул афуа, фаафу анни» (Уа Алла! Сен тым кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, мені де кешіре гөр!), деп дұға ету керектігін үйреткен.

    Қасиетті қадір түнінде Құдай алдында қадіріңіздің қашқанын емес, мерейіңіздің өскенін ойласаңыз қолыңыздан келгенше төмендегі сауапты амалдарға көңіл бөліп,  күнәлі істерден абай болғаныңыз жөн! 

    САУАПТЫ АМАЛДАР

    КҮНӘЛІ ІСТЕР

    Қадір түні туралы мағлұматтармен танысу

    Уақытты бос өткізуден,
    тоғышарлықтан сақ болу

    Түнді құлшылықпен өткізу, әсіресе Алланы зікір етіп, тасбих тарту

    Артық ішіп-жеу

    Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айту, жиі-жиі дұға (тілек) ету

    Қолдарын қусырып, бос қиялға берілу, түні бойы көз ілмей шықсақ жеткілікті деп есептеу

    Құран аяттарын оқып, уағыз-насихат тыңдау, қолдан келгенше садақа тарату,

    Теледидардан, әлеуметтік желілерден күнәға алып баратын ақпарат қарау

    Салихалы адамдармен сұхбаттасу

    Ессіз музыка тыңдау

    Жүрекке түскен кірбіңді жуып-шайып, түрлі күнә мен күмәннан арылу

    Дүниелік әңгіме айтып отыру, мешіттерге барғанда көпшілікке сабырсыздық таныту

    Ата-анаңыздың ақ батасын алу, егер дүниеден өтіп кеткен болса, олар үшін Алладан жарылқау тілеу

    Ата-анаңыздың көз жасына қалу

    Араздасқан жандарыңызбен татуласу, достық қарым-қатынасты күшейту

    Дастархан жайып, қыдыр атаны күту

    Өз-өзіңізге есеп беріп, өткен кемшіліктеріңіз үшін тәубе мен истиғфар
    (Алладан кешірім сұрау) айту

    Арақ-шарап, есірткі заттарды пайдалану,  зина жасау

    Жаратқаннан мұсылмандардың, отанның, елдің бірлігі мен амандығын сұрау

    Ғайбат (өсек), өтірік айту