Ғалымдар: «Бақытты некенің кілті махаббат пен сыйластықта емес»

    247

    Астана. 12 ақпан. KAZISLAM – Ғалымдар бақытты некенің сырын ашты. Зерттеулеріне сүйенсек, бақытты некенің кілті махаббат пен сыйластықта емес, генетикалық сәйкестікте екен. Бұл туралы The Coversation хабарлады.

    Ғалымдардың зерттеуінше, қарым-қатынас құруға ұзақ уақыт жоғалтпай, генетикалық сәйкестікті анықтау үшін талдау жасатуға көңіл бөлген жөн. Олар «өзіне сәйкес келмейтін адаммен» қатынас құрудан алыс болу үшін ми белсенділігі мен бірнеше тән мүшелерінің көрсеткіштерін тексеруге болатынын айтады.

    Сонымен, зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, бақытты және ғұмырлы некенің кілті окситоцин рецепторына байланысты екен. Дәл осы рецептор ерлі-зайыптылар арасындағы эмоционалдық құштарлық пен «әлеуметтік өзара әрекеттестікке» жауап береді екен. Ғалымдардың пайымдауынша, ерлі-зайыптылар ағзасындағы ДНК құрамында екі не одан да көп сегмент айырмашылығы болса некенің ұзаққа созылмайды, бұл отбасының өмірлік ұстанымдарында бір бағытта болуына кері әсер ететін көрінеді, деп жазады Islam-today.