Қарым-қатынастың негізі ер мен әйел заты арасындағы айырмашылыққа тіреледі. Әйелге өзін әйел сезіну үшін оған азамат қажет. Ер адамға азаматтығы ояну үшін қасында әйел заты болуы тиіс. Жаныңда әйел болғанда ғана азамат атану маңызды. Сол сияқты жаныңда азамат болғанда әйел болу өте маңызды. Сондықтан жұпта ері мен зайыбы бір-бірін толықтырып тұрады.

Ер адам еркек болып жаратылған соң қасында әйелі болғанын қалайды. Әйелге ер-азамат жетіспей тұрады. Сол себепті жұптағы өмір бір-біріне жетіспей тұрған адамды сый ретінде қабылдаудан басталады. Ер адам өзіне азамат ретінде не жетіспесе, соны әйелден қабылдайды. Әйел ерінен әйел ретінде мұқтаждығын сый ретінде қабылдайды. Махаббаттың бастапқы табиғи болмыстың ерекшелігіне сай өрбуі – өзара мұқтаждық пен жұбына жетпеген дүниесін сый ретінде ұсыну, өзіне жетпегенді мойындаудан басталған. Жұптағы өмірдің негізі осылай басталады.

Ер мен әйел

Бұл алмасу жұптағы бір сыңар ештеңе керексінбейтін адамдай, жұбын тұқыртып: «Саған не керегін көрелік, бәлкім мен саған соны берермін» деуінен бұзылады. Мұндай ұстаным жұптағы ынтымақты бүлдіреді. Себебі, бір адам өз мұқтаждығын ашық айтып, екіншісі мұқтаждығы жоқтай өмір сүрсе – бұл жан дертіне айналады.

Барокко стиліндегі «Basso continue» деген концертте мынадай ән шырқалады:

«Мен сені сүйем, мен сені қабылдаймын; мен сені ерім деп қабылдаймын, мен сенің зайыбың боламын. Мен сені әйелдікке аламын, мен сенің ерің боламын».

Мұндай мағына – өте терең бас июді көрсетеді. Қалған тірліктің бәрі, тіпті еркек пен әйел ретіндегі алмасу да осы бас июден басталмақ.

Жұптағы «алу» мен «беру»

Жұптағы ынтымақ ері мен зайыбы бір-бірінің ерекшелігін, басқа екендігін мойындай тұра бір-біріне тең көрген жағдайда басталады. Бірін біріне тең көрсе, жұптың келешегі жарқын.

Жұптағы ынтымақ үздіксіз «алу-беру» айырбасына тіреледі. Бірі бергенді –екіншісі алады. Алғанына сүйіспеншілігін қосып, қайтып қайтарады. Одан жұбы тағы да мейірімінен қосып қайтарады. Себебі, сүйеді. Осындай дұрыс айырбастың, өсімі бар өтемақының толастамауынан ынтымақты қарым-қатынас түзіледі.

Егер ол: «сен маған берешексің» дегеннен бас тартса, «мен саған беремін» деп айтса, теңдік қалыпқа келеді. Егер ол осыны бағаласа – бұл сүйіспеншілік. Теңдікті қалыпқа келтіретін нәрсе — осы.

Егер жұптағы жанның бірі алғанынан көбірек беруі тиіс болса, одан көбірек бер деп талап етсе – қарым-қатынасқа қауіп төнеді. Мұндай қылықтан махаббат суиды. Мәселен, кейде мынадай жағдай болады. Егер жұптің бірі екінші рет отбасы құрып, бірінші некедегі балаларын артынан ертіп келсе, жаңа қосағынан сол балаларына қамқорлық жасауын күтеді. Тіпті оның баласы болмаса да. Осыдан жаңа жұбы алғаннан гөрі көбірек беруге тиіс болып шығады. Одан алғанынан артық береді деп күтеді. Мұндай жағдайда теңдік пен теңгерім бүлінеді.

Бір ғана жол бар: теңдікті қалыпқа келтіру. Қалыпқа келтіру үшін талап еткіш жан алғанын бағалай білсе ғана мүмкін. Егер ол: «сен маған берешексің» дегеннен бас тартса, «мен саған беремін» деп айтса, теңдік қалыпқа келеді. Егер ол осыны бағаласа – бұл сүйіспеншілік. Теңдікті қалыпқа келтіретін нәрсе — осы.

Жұптағы ынтымақтың теңдігі тек жақсылыққа тірелмейді, кейде жамандықпен де өтеледі. Біз тек жақсыны ғана емес, жаманды да теңгерімге саламыз. Егер жұптағы бір сыңар кез келген себеппен екіншісін ренжітсе, онда екіншісі де біріншісін ренжітуге ұмтылады. Солай еткені де дұрыс. Әйтпесе, теңдік бұзылады. Бірақ ол оны сүйіспеншілікпен ренжітеді. Яғни, сені ренжіткеннен гөрі аздап ренжіту. Сонда жақсқылықпен айырбас жасаудың мүмкіндігі туады.

Бұл ынтымақты жұптардың кішкентай құпиялары.