Нұр-Мүбарак университетінің дайындық бөлімі ашылды

    0
    290

    Шымкент. 17 сәуір. KAZISLAM – «Дәуітұлы Шыңғысбай қажы» мешіті жанынан Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетіне дайындық бөлімі ашылды, — деп хабарлайды ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі.

    Дайындық бөлімінің ресми ашылуына  ҚМДБ-ның Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы, наиб мүфти,  PhD  докторы  Алау Әділбаев,  Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті универсиетінің  ректоры, профессор  Мухаммад аш-Шаххат әл-Жинди, аталмыш оқу орнының проректоры исламтанушы, PhD  докторы Қайрат Құрманбаев, Рахымжан Әкімбеков сынды мәртебелі қонақтар мен жергілікті азаматтар қатысты. Ашылу салтанатында мәртебелі меймандар құттықтау сөз сөйлеп, зәулім ғимараттың салынуына себепкер болған А.Мырзахметов, Ә.Тойшиев, Р.Алпысбаев және Ералы Есенгелдиев сынды ел ағаларына алғыстарын жеткізді.      

    Шара аясында ҚМДБ-ның Шымкент қаласындағы өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаев пен Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің ректоры, профессор  Мухаммад аш-Шаххат әл-Жинди шәкіртердің білімін жетілдіру, жастардың тәлім тәрбиесіне үлес қосу бойынша екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

    Ғимарат үш қабаттан тұрады. Онда 7 жатақхана,  2 асхана,  7 сынып бөлмесі мен дәрет алу бөлмелері қарастырылған. Мұнымен қатар, ұстаздар бөлмесі мен қабылдау бөлмелері заман талабына сай жасалған. Оқу орны 70 шәкіртке арналған.