Шу ауданында қайырымдылық шарасы өтті (ФОТО)

    0
    398

    17 мамыр. KAZISLAM – Жамбыл облысы Шу ауданының Төле би мешітінде қайырымдылық шарасы өтті. Өңірде кәсібін дөңгелетіп отырған бірқатар ауқатты азаматтардың демеушілігімен жиналған азық-түліктер әлеуметтік жағдайы төмен 75 отбасыға табысталды.

     

    Осы істің басы-қасында жүрген аудан имамы Аят Алмахановтың айтуынша, ақ пен қараны ажырататын, бай мен кедейді теңестіретін берекелі айда мұндай қайырымдылық шараларының басқа айларға қарағанда көп болатынын айтады.

    –Алла Тағала Құранда, Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадистерінде бұйырғандай, жақсылықта жарысу – баршамыздың міндетіміз әрі екі дүниеде де қайтарымы болатыны сөзсіз амал. Бастысы, жүрегі жомарт, қолы ашық азаматтарымыздың ниеттеніп жасаған қайыр-жақсылықтары қабыл болсын деп тілейміз. Мұндай шаралар тек Рамазан айында ғана емес, жыл он екі ай ізін суытпай өтіп тұрар болса ғанибет болар еді, — дейді ол.