Шошқа ДНҚ-сы анықталған шұжықтар қайта тексерілді

    83

    22 қазан күні ҚМДБ-ға қарасты «Халал даму» мекемесінен сертификат алған кейбір шұжық өнімдерінен шошқа ДНҚ-сы анықталғаны жайында ақпарат шыққан болатын. Осы жөнінде жуырда ғана қызметке тағайындалған ҚМДБ-ның Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбековтің пікірін білген едік.

    –Біз 25 қазан күні «ИП Иштаев», «ИП Шамахсутов Ш.Ш.» және өзге де шұжық өнімдерін Алматы қаласында «TreeGene» молекулярлық-генетикалық зертханадан өткіздік. Нәтижесінде «ҚМДБ халал» сертификатын алған шұжық өнімінен шошқа ДНК-сы табылған жоқ. Демек, жоғарыда айтып өткеніміздей халал стандартына сәйкес тасылмалданбаса, дүкеннің қоймасында немесе сөресінде бөлек тұрмаса, тиісті температура сақталмаса, кей дүкендегідей бір пышақпен кесіп беретін болса, шошқа ДНҚ-сы жұғу ықтималы жоғары.

    ҚМДБ тарапынан сертификат алып өндірілген халал өнімдерін тұтынушылардың назарына «ИП Иштаев», «ИП Шамахсутов Ш.Ш.» шұжық өнімдерінде шошқа еті мен майы жоқ екенін хабарлаймыз, — деді С.Сейтбеков.

    Зертхана қорытындысын назарларыңызға ұсынамыз.

    Пікір жазу