Швеция саясаткері: Біз – мұсылмандарға мұқтажбыз

    146

    Астана. 19 наурыз. KAZISLAM – «Швед демократтары» оңшыл партиясының шенеунігі Марк Коллинс мұсылман босқындар мәселесі Крамфор қаласында қалай шешілгенін атап кетті.

    Ол осы мәселені шешу үшін қалада мешіт және ислам мәдени орталықтарын тұрғызуды ұсынған, деп жазады  DN басылымы.

    Марк Коллинс Крамфор антимиграциялық саясатын жүргізетін муниципалдық кеңестің «Швед демократтары» партиясы атынан мүшесі.

    «Округтың өсіп-өркендеуі үшін халықтың өсімі қажет. Оны босқындар есебінен толықтыруға болады. Өйтпеген жағдайда қала 30 жылдан соң жойылады» деп мәлімдеді ол.

    «Округ – мұсылмандарға мұқтаж. Мешіттер мен мәдени орталықтарды тұрғызу арқылы біз елімізден пана іздеген босқындарды қаламызға көптеп тарта аламыз» деп атап кетті Коллинс.

    Ол сондай-ақ муниципалдық кеңеске осы мақсатты жүзеге асыруға қажетті ұсыныстарды жеткізді. Марк Коллинс аймақтың демографиялық ахуалына қатысты қам-қарекетсіз отырған басқа саяси құрылымдарды сынға алды.