Ханафи мәзһабы мәдениетінің өркендеуіне Матуридидің қосқан үлесі

    111

    Ислам – пенде өмірінің барлық саласын қамтыған әрі Илаһи негізге сүйенген өркениет пен мәдениеттің негізі. Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) басталып, келесі кезеңдерде біртіндеп қалыптасқан ислам өркениетінің құрылуы, уаһиға негізделген білімді терең түсінген ислам ғалымдарының күш-жігері мен еңбегінің жемісі ретінде, жеке және әлеуметтік өмірдің  қалыптасуының нәтижесінде жүзеге асты. Ислам мәдениетінің өркендеуіне және мұсылмандық өмірдің қалыптасу кезеңінде имам Ағзам Әбу Ханифаның (ө. 150/767) және оның ойлау жүйесі «ханафи мектебінің» мүшелерінің орнының ерекше екенін айтуға болады.

    Ислам дінін көптеген қоғамның қабылдауы мен таралуында, Ханафи мәзһабының әсері зор. Атап айтқанда, Орта Азиядағы үстем болған діни сенім Әбу Ханифа мәзһабының негізінде құрылған. Олар исламды еркін және толеранттылықпен түсіну арқылы, исламның наным-сенімін, ғибадат ету және моральдық құндылықтарын қалыптастыра білді. Мәзһаб бір ой жүйесі болғандықтан, Ханафи мазхабын «Ханафи ой жүйесі» немесе «Ханафи фиқһ өркениеті» деп атаған. Ханафи фиқһ өркениетіне ықпал еткен, маңызды ғұламалардың бірі әрі бірегейі – Түркістан үкіметіне қарасты Самарқанд қаласынан шыққан Әбу Мансур әл-Матуриди (333/944). Әбу Ханифаның «Әл-фиқһ әл-акбар» және бес еңбегінде ислам дінінің сенімге қатысты көзқарастарын жүйелі түрде қолға алған Матуриди, сенім мәзһабының ұстазы болуымен қатар, Ханафи мәзһабының усул және фуру саласында көптеген еңбектер жазған ғалым.

    Исламдағы сенім қағидаларын қамтитын итикад (сенім) заңы Әбу Ханифаның бес шығармасын жүйелеу нәтижесінде Имам Матуриди тарапынан құрылды. Сонымен қатар, Имам Матуриди Әбу Ханифаның сенімге қатысты айтқан идеяларын жинақтап, «хош иісті каламдар» деп аталатын мектебін құрды [1].

    Матуридидің жетекшілігімен құрылған, Әһли Сүннет мектептерінің бірі болып табылатын Матуридизмнің интеллектуалды құрылымы Әбу Ханифаға негізделген. Ислам ілімін Ханифа мәзһаб ғұламаларынан үйренгеніндей, талабалары да Ханафи мәзһабының пікірлерін қолдап, қоштайтын ғұламалардан. Исламдық сенімга қатысты ғылыми сәйкестік жүйе қалыптастырғаны үшін сенімдік мәзһабтың атын «Матуриди сенім жүйесі» деп аталған.

    Ханафи мазхабының ғұламаларының сенімге қатысты пікірлері мен түсініктері Имам Матуридидің «Кәләм» іліміндегі көзқарастары мен ұштасуымен қатар, Матуриди «Китабу-тәухид» деп аталатын, сенімдік жүйені қамтыған әдебиет жазды. Міне осы себептен де Ханафи мәдениетінің сенім жүйесін қалыптастырған ғалым ретінде танылған.

    Матуридидің бүгінгі күнге дейін сақталған «Тәуилатул Құран» атты еңбегінде, ханафи фиқһ ережелерін көптеп қолданған. Бұл жайында, Алауиддин ас-Самарканди (539/1144), «Шәрхул Тәуилатул Құран» атты еңбегінде кеңінен баяндап, «Тәуилатул Құран» кітабын үлкен кітап деп көрсеткен [2]. Әбу Мансур әл-Матуриди Ахли сунна теологтарының Мавераннахр аймағының ұстазы болған. Қалам саласындағы көзқарастарымен қатар, Матуридидің, әсіресе фиқһ әдісі туралы шығармалары Самарқанд халқына әсер етіп, оны Самарқанд фикх мектебінің жетекшісі етіп қабылдады [3]. Осыдан кейін, «Әһли Сүннет ұстазы» деген атақпен қоса, «Самарқан Ханафи мектебінің жетекшісі» деп аталған [4].

    Имам Матуриди Ханафи мәзһабына қатысты бірнеше еңбек жазған. Нақты айтар болсақ, Тәуилатул Құран, мә-Әхизу ш-Шариа фи Усули л-Фиқһ, Китабул Жәдәл фи Усули л-Фиқһ, әр-Раддул әләл Карамита, Шәрху Жәмиу Сағир деп аталатын әдебиеттері бар.

    Қазіргі таңда, Имам Матуридинің сенімге қатысты пікірлері бойынша көптеген зерттеу жүргізілді. Ал амал әрі құқықтық тұрғысынан зерттеулер мен мақалалар өз деңгейінде қолға алынбауда. Сенім мен амал мәзһабтарын бірлестіру әрі жүйелі түрде түсіну, заман талабы деген қорытынды шығуда. Өйткені, Имам Матуридидің уаһиға байланысты ақыл-ой ережелерін түсіндіру, оның көзқарастарының сенімділігін арттырады және қабылдануын жеңілдетеді.

    Осы тұрғыдан алғанда, Имам Матуридидің көзқарасы он бес ғасыр бойы қалыптасқан ислам өркениеті мен мәдениеті туралы ұтымды көзқарасты қалыптастырып, ақылды қабылдап, нақылды қабылдамайтын. Бұл өз кезегінде нақылды қабылдап, ақылды қабылдамайтын, заманымыздағы кейбір бауырларымыз үшін маңызды екені сөзсіз.

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

    [1] Ахмет Ақ, Ұлы түрік ғалымы Матуриди және Матуридлік, Стамбул 2017 ж. Бет. 203.

    [2] Алауиддин Әбу Бәкір Мұхаммед б. Ахмед ас-Самарканди (539/1144), Шәрхул Тәуилатул Құран, Сүлеймения Кітапханасында, Мәдина бөлімі, Nu: 179, v. 1b.

    [3] Шукр Осжан, «Матуридиди», Дианет ислам энциклопедиясы, 2003 ж. XXVIII, бет. 159.

    [4] Әбу-Берекат ан-Несефи, Шарху Хафизиддин ан-Несефи Китаби Мунтехаб фи усулу мәзһаб, бет. 393

     Исатай Бердалиев, Ислам құқық ғылымдарының докторанты

    Пікір жазу