Фиқһ және әлеуметтік шындық

    123

    Құқықтану әлеуметтік өзгерістерге жауап беріп, әлеуметтік өмірден тыс және одан кері қалмауы үшін өзіндік бір қағидаларға мұқтаж. Тарихи процесте, бұл мұқтаждыққа мәзһаб ішіндегі тахриж әдісін қолдану арқылы жауап берілді.

    Яғни, тахриж қағидасы арқылы, ислам ғұламалары меншіктік және қоғамдық құқық жүйесіне өз заманында толыққанды жауап берді. Уақыт өте келе әкімшілік саясат, жаңа әлеуметтік тәртіп пен үлкен державалардың пайда болуы, жекелеген және жалпылама құқықтық жүйені өзгеріске ұшыратты. Бұл жүйе құқықтық ұғымдардың және ұлттық құндылықтардың басым болуымен толықты. Жағдайдың бұлай өзгеруі, ислам құқықтық жүйесінің, артта қалып қоюына себеп болды.

    Фиқһ пен әлеуметтік шындықтың арасындағы қарым-қатынаста назарға алынуы керек тағы бір мәселе – уақыт өте келе өмір сүру талаптарының өзгеруі және әсіресе бұзылу кезеңі тұрғысынан бұл мәселелерді Фиқһтың қамтитынын қалай түсіндіруінде. Бұл жерде тарихи процесті де, қазіргі жағдайды да түсіндіретін метафораны айтуға болады.

    Бір-бірімен араласқан үш пәтерді елестетіп көрейік. Ең тар пәтер  бұл – Құран және сүннетпен шектеулі кеңістік. Екінші пәтер біріншіден үлкен. Бұл – фиқһ. Ол да позитивті аймақты білдіреді. Әбу Ханифаның жүйесі мен классификациясынан, яғни дәреттен бастап мұра мәселесіне дейінгі классикалық Ислам құқықтық пәндері. Әрине, бұл жерде әлеуметтік жағдайлар да ескерілді және өзгеруге ашық шағын болса да алаң бар.

    Мысал айтар болсақ, қылмыстық заңның ережелері тікелей фиқһ кітаптарында реттелгенімен, оларды уақыт талабына және сол мезеттегі шарттарға сәйкес қолдану «Таазир»-ге қатысты тараулар шариғат ережелерімен емес, дәстүрлік ережелермен реттеледі. Бұл мәселеде Осман империясының тәжірибесін мысал ретінде келтіруге болады.

    Үшінші пәтер, қоғам кеңістігінің аймағы мемлекет, қоғам, саясат, әдет-ғұрыптық және әлеуметтік шындықтан тұрады. Бұл аймақта, тікелей шариғат пен фиқһ ережелері болмағандықтан, қолданыстағы заңнама қағидаттарына сәйкес мәселелер реттеледі. Мысал, мәслихатқа, жалпы қағидаларға және қолданыстағы заңға негізделген.

    Бұл – мемлекеттік саясат деп аталады [1]. Бұл мәселеде тек бір қағида бар, Нассқа және фиқһпен тікелей реттелген аймаққа қайшы келмеуі керек. Әрине, жалпы адамзаттық моральдық принциптер, адами құндылықтар және әділеттілік сияқты қағидалар ешқашан өз күшін жоғалтпайды.

    Мемлекеттік саясаттың өрісі негізінен құқықтық мәртебеге және заңнамаға бағытталмаған. Қолданыстағы құқықты жүзеге асыру сынды мәселелерге бағытталған. Яғни, азаматтық құқық және саясатқа қатысты мәселелермен байланысты. Фиқһта бұндай мәселелер қарастырылмағандықтан, ол оның алаңына кірмейді.  Басқаша айтқанда, тарихи тәжірибе тұрғысынан бұл саланы реттеу логикасына негізделуі немесе негізделуі керек деп айту оңайға соқпайды. Міне сондықтан, ішінара заң социологиясы практикалық іс жүзіндегі қолданысын «Фиқһ саясатымен» шатастыруға әсте болмайды.

    Тарихи тәжірибеде бұл саланы тікелей нормативтік және позитивті реттеуді саяси билік тарапынан қолданылғаны байқалады. Мысалы айтар болсақ, Осман империясы уақытында дәуірінің ең белгілі заңдары — фиқһ идеясын тікелей басшылыққа ала отырып, фиқһ шеңберінде ойлау формасы деп айту, дәлелсіз әңгіме болар еді. Бұндай айырмашылықтағы көз қарастар мен пікірлерді ғұлама Эбуссууд-қа (982/1574 ж.ж.) дейінгі әдет-ғұрып құқығының тәжірибесінде байқалады. Негізінде, позитив заңның мәтінін дайындағандар мұны фиқһшы ретінде емес, маркер ретінде әзірлегенін айтуға болады. Ал, бұндай мәселе Фиқһтық жүйеге сай емес. Ғұлама Эбуссууд бұл мәселені көріп өз уақытында, «шариғат және заң» деген шешімге келген. Мұндай айырмашылық бүгінгі күн тұрғысынан қолдану саласына қатысты заңда болуы мүмкін; дегенмен, бұл фиқһтың тікелей қатысты етіп көрсету ғылыми тұрғысынан дәлелсіз болушы еді [2].

    ХХ ғасырда әлемдегі өзгерістер мен заңның барлық салаларына байланысты реттей алатындай жүйе пайда болды.

    Қазіргі таңда, ислам құқығы батыспен өзара келіссөздер жүргізу арқылы фиқһтың логикасымен қоғамдық және жеке құқықтың барлық салаларын реттей алатынын мәлімдеді. Бұл бұрын соңды болмаған жағдай. Басқаша айтар болсақ, ол саясат пен қоғамдық саланы позитивті реттеу міндетін атқарады деген сенімдеміз. Біз бұның зардаптарын әлі көрген жоқпыз. Өйткені, біздің дәуіріміздегі осы саланың ең маңызды мәселесі, саясат пен қоғамдық сала бұрынғыдай теріс болуы керек пе, әлде жеке құқық саласындағы сияқты оң шаралар жасалуы керек пе? Бұл заң мен саясаттың арасындағы қарым-қатынаста талқыланатын мәселе. Уақыт өте келе өмірдегі өзгеріп жатқан кейбір жайттар, фиқһтың бұл мәселені қамти алатынын ХІХ ғасырда Османдық империясы көрсета алды. Осман империясы құлағанда, ғұламалар консервативті көзқарас танытса, бюрократтар, әкімшілер мен зиялы қауым өзгерісті қолдады. Шын мәнінде, бұл тікелей заңнамалық бір мәселесі емес. Мемлекеттің барлық институттарының әлсіреуі сот практикасына әсер етті. Себебі Осман империясы фиқһпен мемлекеттілігін ұстап тұрған және фиқһпен билігін басқарған.

    Империяның құлдырауымен ислам ғұламаларының биліктегі алаңын шектеп, кейіннен олардың маңыздылығын жоғалтқандай болды. Алайда, юриспруденцияның классикалық стиліне өтуге қарсы болды. Фиқһтың дәстүрлі құрылымына сәйкес келмейтін мұндай заманауи ислам заңын шығару оңай емес еді. Себебі бұл классикалық стил, фиқһтың қолдану тәсілі мен ережелерін өзгеріске ұшыратып жіберетін еді. Осман империясы толықтай құлағанға дейін фиқһтық заң өз күшін жоғалтпай, өз деңгейінде толыққанды қызметін атқарды. Дегенмен, Батыстың заңдары Осман империясына енуіне кедергі бола алмады. Бұған қарамастан, дәстүрлі ислам ғұламалары мен Османдық бюрократтары және зиялылар өз арасында ымыраға келді.

    ХХ және ХХІ ғасырларда Ислам құқықтық пікірлерінің негізін ойландыратын іргелі проблемалар пайда болды. Бұл мемлекетті, қоғамды, саясатты, әдет-ғұрыпты және әлеуметтік өмір мәселелерін тікелей дін саласына араластырудың нәтижесінде пайда болды [3]. Бұл проблемалардың шығуына Әһл-Хадистің классикалық идеялары, заманауи сәлафизм және батыстық көзқарастың әсері болды. Бұлардың ішінде діни радикализмінің әсері ең үстем деуге болады [4].

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

    [1] H. Юнус Апайдын, Фиқһтың қайнар көздері, Анкара: Ай баспасы, 2017

    [2] Бедир, Муртеза, «Fikih to Law: оқу бағдарламасында секуляризация» Ислам құқығы және қоғам, 2004, бет. 378-401.

    [3] https://www.fikriyat.com/yazarlar/akademi/prof-dr-h-yunus-apaydin/2019/04/15/fikhin-guncellenmesi-meselesi

    [4] https://www.fikriyat.com/yazarlar/murat-simsek/2019/06/11/fikih-yazilari-fikih-ve-sosyal-realite

    Мұрат Шимшек, Ислам құқық ғылымдарының доценті

    Аударған Исатай Бердалиев

    Пікір жазу