«Фатиха» сүресін Құран тізіміне қоспаған сахаба

    0
    10

    Күндердің күнінде Абдуллах ибн Масғуд қасиетті Құранды жинауды қолға алған еді. Алайда, ол «Фатиха» сүресін тізімге қоспайды. Одан мұның себебін сұраған сахабаларға былай деп жауап берген екен:

    — «Фатиха» сүресі барлық мұсылманның жүрегінде тасқа қашап жазғандай сақталуы керек. Себебі, әр мұсылман «Фатиханы» күніне 32 ракағат намазында тілімен оқиды. «Фатиха» әр мұсылманның денесіндегі қанымен бірге жүруі керек. Қандай да бір патша мұсылманның жанын алса да, «Фатиханы» оның жүрегінен ала алмайды. Себебі, ол оның бойына сіңген болуы тиіс. Сондықтан, «Фатиханы» тізімге арнайы сақтау үшін кіргізбеген едім.

    Жалғас АСХАТҰЛЫ,

    дінтанушы