Тұрақтылықты сақтау мақсатында жиындар өтті

    166

    21 маусым. KAZISLAM – Жуырда ғана Сәтбаев қаласында Қарағанды облысының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері бірнеше маңызды кездесулер өткізді.

    Топ құрамында Қарағанды облысы дін істер басқармасының қызметкері Серік Қуатұлы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Рухани қазына» жобасының бас менеджері, ҚР журналистер одағының мүшесі Бақытжан Мұсабеков, Рухани-адамгершілік тәрбие жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары, Қарағанды мемлекеттік-техникалық Университетінің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Түсіпбеков Жарқын Амантайұлы, дінтанушы Майборода Елена Сергеевналар бар.

    Түсіндіру тобының мүшелері Сәтбаев қаласының полиция бөлімінің жеке құрамына, Сәтбаев қаласының жылумен, сумен жабдықтау кәсіпорны қызметкерлеріне, білім, спорт, мәдениет бөлімінің қызметкерлеріне, денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне діни тұрақтылықты сақтау мақсатында Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның негізгі аспектілерін талқылап, кеңінен түсіндірілді.