Жаңалықтар

Түрікстандық имамдарға талап күшейді

Астана. 14 наурыз. KAZISLAM – Облыс орталығы аталған Түркістан қаласының имамдарынан дін қызметінде талаптар күшейе түседі. Қазіргі уақытта аймақта діни білікті əрі жан-жақты зияткер кадрлар қажеттілігі туындап тұр. Осы мақсатта Түркістан қаласында «Ақниет» ақпараттық-насихат жəне оңалту орталығының ұйымдастыруымен жат ағымдардың алдын алу тақырыбында семинар өтті.

Түрікстандық дін қызметкерлеріне ҚМДБ қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Алтынбек Ұтысхан арнайы дəріс оқыды. Жат ағымдардың қатарында тек қана салафизм, вахабизм бағытын ұстанатындар мен радикалдық, экстремистік, террористік топтар ғана емес, жалған сопылықпен жұртты жаңылыстырып жүргендер де қоғамға қауіпті болып тұр. Имамдардың міндеті —  Əбу Ханифа мəзһабы бойынша Ислам дінінің саф қалпын бұқараға жеткізу, насихатты күшейту.  Семинар соңында мүфтият тарапынан төрт бағыт бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайын баяндаған А.Ұтысхан имамдарды дінге қалтқысыз қызмет етуге шақырды.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close