Түрмеде «Үздік оқырман» байқауы өтті

    0
    412

    19 маусым. KAZISLAM – Ақтау қалалық ГМ-172/10 түзету мекемесінде жазасын өтеуші азаматтар арасында «Үздік оқырман» байқауы өттті, деп жазады Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының ресми сайты.

    Шараны Маңғыстау облыстық Дін істері басқармасына қарасты Дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығы Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның негізінде ұйымдастырған.

    Байқауға қатысқан жазасын өтеуші азаматтар Ханафи мәзһабы бойынша намаз оқу үлгісі, хадистермен аяттардан дәлелдер келтірілген «Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі» кітапшасы бойынша тест арқылы білімдерін тексерді.

    Нәтижесі екі тәулік ішінде қаралып, жеңімпаздар түзету мекемесінің ішінде беруге рұқсат етілген сыйлық түрімен марапатталды.