Түркістандық имамдар «Біз біргеміз!» акциясына қатысты

    123

    Бүгін Түркістан облыстық мешіті қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Біз біргеміз!» қайырымдылық акциясы өтті.

    Түркістан қаласының төрт қақпасындағы блок бекеттерінде күзетте тұрған қызметкерлер мен жолаушыларға наурыз көже мен бауырсақ таратылды. Аталмыш қайырымдылық акциясы Қызылорда, Кентау, Шымкент, Отырармен шектесетін блок бекеттерде өтті.

    Жалпы 200 литр көже, 400 қапшық бауырсақ 400 адамға берілді. Наурыз көжені мешіт қызметкерлері әзірлеп, өздері үлестірді.

    Блок бекеттеріндегі жұмысшы топтар мен жолаушылар имамдарға ризашылығын білдіріп, алғыстарын жаудырды.

    Пікір жазу