Түркістанда «Қамқорлық» бағдарламасы жүзеге асырылуда

    82

    14 ақпан. KAZISLAM — Түркістан облысында «Nur Otan» партиясының бастамасымен  өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды кедейлік деңгейден шығаруға жәрдемдесетін «Қамқорлық» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл ақпарат Egemen Qazaqstan газетінде жарияланған.

    «Аталған бағдарлама аясында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жағдайы тым төмен, кризистік және қанағаттанарлықсыз деңгейде өмір сүріп жатқан 1643 отбасы анықталып, олардың әрқайсысына материалдық көмек пен қажетті кеңес беретін арнайы кураторлар тағайындалған. Қазірдің өзінде бағдарлама басталғалы бері өмірлік қиын жағдайға тап болған 900-ден астам отбасыға  45 млн теңгенің демеушілік көмегі көрсетіліп, 4 отбасыға кәсіпкерлер тарапынан үй сатып алынды»,  деді облыс әкімі.

    Сондай-ақ «Қамқорлық» бағдарламасы арқылы отбасы мүшелерін жұмысқа тұрғызу, оқыту сынды мәселелер аудан, қала әкімдерінің бақылауымен қадағаланады.

    Пікір жазу