Түркістанда халықаралық симпозиум басталды

    0
    218

    Нұр-Сұлтан. 15 сәуір. KAZISLAM – Түркістан қаласында «Түркістан аймағының өткені мен бүгіні: тарих, мәдениет және өркениет» атты халықаралық симпозиум басталды, — деп хабарлайды muftyat.kz.

    Қожа Ахмет Яссауи атындағы ХҚТУ-де өтіп жатқан ғылыми жиынның мақсаты –Түркістан аймағында өмір мұсылман ғалымдарының ислам ғылымы, өнері мен мәдениетінің дамуына қосқан үлесін анықтау, діни, ғылыми және философиялық құндылықтарын айқындау дейді ұйымдастырушылар. Бүгін ортаға салынған зерттеулер келешекте ғылыми айналымға шығарылады.

    Алыс-жақын шет елдерден дінтанушы, теолог және исламтанушы мамандар қатысып жатқан халықаралық симпозиумда сөз сөйлеген наиб мүфти Алау Әділбаев осы бағытта ізденген еңбектерімен бөліскенін айта кетейік.