Жаңалықтар

Түркістанда терроризмді насихаттаған 4 адам ұсталды

Астана. 15 ақпан. KAZISLAM – Түркістан облысында терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деген күдікпен 4 адам ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«2019 жылғы 14 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер органдарының қатысуымен жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Түркістан облысының төрт тұрғыны ұсталды. Олар терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деп күдіктелуде», — делінген баспасөз баянында.

Олардың тұрғылықты жерлерінен деструктивті бағыттағы  қолжазбалар мен электрондық нұсқадағы діни әдебиеттер тәркіленді.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close