Түркия Рамазанда йемендіктерге көмектеседі

    0
    295

    Түркияның Адам құқықтары мен бостандығы және гуманитарлық көмек қоры (İHH) Йемендегі босқындарға көмектеседі.

    Таяу Шығыстағы İHH өкілі Мұхаммед Фаруқ Өзтүріктің айтуынша, қор Рамазан айында әлемнің 120 елі мен аймағына гуманитарлық көмек көрсетеді. Қазіргі уақытта Йеменнің Сейюн, Мариб және Джевф қалаларында мұқтаждарға азық-түлік және балалар тағамдары таратылған.

    Regnum агенттігінің хабарлауынша, Йеменде толассыз жүріп жатқан қарулы қақтығыс салдарынан баспаналарын тастап кеткен ел ішіндегі босқындар Аль-Хазм аймағындағы Джевф, Мариб, Сейюн қалаларындағы лагерьлерге орналасқан. Аталған лагерьлерге 950 дана ұн, күріш, қант, құрма, май және консерві өнімдері салынған қораптар таратылды.

    İHH өкілінің, Мұхаммед Фаруқ сондай-ақ 400 отбасыға құрбандық малы еттері таратылып, тағы 2350 адамға ауызашар берілгенін жеткізді. Ол оразаның отыз күнінде Йемен тұрғындарына жалпы саны 3 мың азық-түлік қорабы таратылып, 10 мың адамға ауызашар берілетініні атап өтті.