Түркия Пәкістанға 300 қорап дәрі-дәрмек жіберді

    417

    Түркия көмек көрсету агенттігі Пәкістанның білім мекемелеріне алғашқы медициналық көмекке арналған 300 қорап дәрі-дәрмек жіберді, деп хабарлайды Regnum.ru.

    Медициналық қораптар Пәкістанның Қызыл Жарты ай қауымдастығына берілді. Ары қарай олар елдегі 150 мектепке таратылмақ.

    «Біз мектептерімізге көрсеткен көмектері үшін түрік бауырларымызға алғыс білдіреміз» деп атап өтті пәкістандық Қызыл Жарты ай қауымдастығының басшысы Халид бин Мджид.

    Еске сала кетсек, Түркия бұған дейін де Пәкістанға гуманитарлық көмекті ұдайы көрсетіп келеді. Мұнда түркиялық қордың көмегімен Рамазан айында күн сайын университеттерде ауызашар ұйымдастырылады.