Түркия жағалауында палестиналық босқындар құтқарылды

    0
    3

    Астана. 11 ақпан. KAZISLAM – Түркияның Жағалау күзеті Мугла провинциясы Бодрум ауданы аймағында теңізден 13 палестиналық босқынды құтқарды, деп хабарлайды Ansar.ru сайты.

    Палестиналықтар мінген қайықтың моторы істен шығып, ашық теңіз үстінде қалған. Олар мобильді телефон арқылы Түркияның «112» құтқару қызметіне қоңырау шалған.

    Палестиналықтар заңсыз жолмен теңіз арқылы Грекияға жетпек болған. Құтқарылғандардың алтауы әйел адам. Сондай-ақ қайықта Түркия азаматы ұсталды, ол босқындардың Грекияға жетуіне көмектескен деген болжам бар.

    Палестина азаматтары провинциядағы миграция орталығына жөнелтілетін болады.