Жаңалықтар

Түркия Ауғанстан халқына көмек берді

Астана. 12 ақпан. KAZISLAM – Түркия үкіметі жанындағы Әріптестік және үйлестіру агенттігі (TİKA) Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек көрсетті.

Гуманитарлық көмек қарулы қақтығыс аймақтарынан үдере көшкен ел ішіндегі босқындарға берілген, деп хабарлайды TİKA.

Азық-түлік өнімдері Ауғанстанның солтүстігіндегі Құндыз провинциясында тұрып жатқан мыңға жуық отбасыға таратылған. Онда күріш, ұн, сұйық май, көк шай, қант, т.б. қажетті азықтар қамтылған. Ауған тұрғындары өз кезегінде Түркия мен түрік халқына бауырластық көмектері үшін алғыстарын білдірді.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close