Түркияның танымал теологы кітабын қазақ халқына арнады

    185

    Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2 сәуірде салтанатпен басталған VI Халықаралық Фараби оқулары жалғасып жатыр. 10 күнге созылатын Фараби форумында Франция, Түркия, Гонконг, Польша, Тәжікстан, Пәкістан, Ресей елдерінен келген танымал шығыстанушы ғалымдар мазмұнды баяндамалар жасап, ұсыныстар беріп отыр. 

    Ал танымал ғалым, Түркиядағы Ұлығдағ университеті теология факультетінің профессоры Яшар Айдынлы əл-Фарабидің «Логикада қолданылатын сөздер» атты еңбегін аударып, басып шығарған. Халықаралық Фараби оқуларының ашылу салтанатында Яшар Айдынлы бұл еңбегін қазақ халқына арнайтынын мәлімдеді. Кітаптың алғысөзінде автор «Қазақ халқына жəне Фарабидің атын танытқан əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне арнаймын» деп жазған. Оған қоса түрік ғалымы университеттің кітапханасына Фараби зерттеулеріне қатысты басқа да кітаптарын сыйға тартты.