[:kk]Түркияда өлім жазасы енгізілуі мүмкін[:]

    0
    7

    [:kk]

    Астана. 20 наурыз. KAZISLAM – Жаңа Зеландияда мешітте 50 адамның өмірін қиған терактіден кейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған террористерге қатысты өлім жазасын енгізу туралы кезекті рет ұсыныс тастады, деп хабарлайды Islam Today.

    Бұдан бөлек Ердоған басқа мемлекет басшылары да бұл мәселені қайта қарауға шақырып, Жаңа Зеландия билігімен талқылайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, Түркияда өлім жазасын алып тастау республиканың үлкен қателігі болды.

    «Енді қылмыскерлер түрмелерде мемлекет есебінен өмір сүріп жатыр. Тіптен олар темір тордың арғы жағында өмір сүрсе де, оларды мемлекет тамақтандыруы керек пе? Осыған байланысты парламент өлім жазасын қайта енгізу туралы шешім қабылдаса, мен оны қабылдаймын» деп атап өтті Түркия президенті Режеп Ердоған.

    [:]