Түркияда исламофобияға арналған конференция өтті

    431

    Түркияда исламофобия мәселелеріне арналған конференция өтті. Бұл туралы Islam.ru сайты Anadolu Ajansi ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

    Әлем елдерінен жиылған 20 ғалым шараға қатысып, исламофобия құбылысы тек мұсылман қауымына ғана емес, бүтін әлемге қауіп төндіретінін айтты. Олардың пайымдауынша, әсіресе Мьянмадағы рохинджа мұсылмандарына, Үндістанның Кашмир штатындағы мұсылман халқына жасалып жатқан зорлық-зомбылықтар, Қытайдағы азшылық этностарға жасалған қысымдар да исламофобияның ең ірісі саналады.

    Айта кетсек, конференцияға қатысушылар бұл елдердегі шиеленістер тек исламофобия құбылысы ретінде емес, сондай-ақ мемлекеттік тұрақтылығы мен территориялық бүтіндігі үшін күрес деп қаралуы мүмкін екенін атап кетті.