Террористі тоқтатпақ болып қаза тапқан пәкістандық марапатталады

    0
    134

    Астана. 19 наурыз. KAZISLAM – Жаңа Зеландия билігі мешітке қарулы шабуыл жасаған террористі тоқтату үшін қарсы күрес жолында мерт болған Пәкістан азаматын марапаттайды, деп жазады Islam Today.

    Ан-Нұр мешітіне кіріп шабуыл жасаған террористің тапаншасын тартып алуға тырысқан Наим Рашидті қандықол қылмыскердің қолынан қаза тапты. Пәкістан азаматының ерлік әрекеті туралы елдің премьер-министрі Имран Хан өзінің Twitter микроблогында жазды. Ол Наим Рашидке ерлігі үшін мемлекеттік марапат берілетінін хабарлады.

    Еске салсақ, Крайстчерч қаласындағы екі мешітте болған терактіден жалпы саны 50 адам мерт болды. Қаза тапқандардың оны – Пәкістан азаматы.