Тарих беттері: Қытай мұсылмандардан көмек сұраған

    136

    Аббаси мемлекетінің екінші халифасы Лақап аты – Әбу Жағфар, есімі Абдуллаһ бин Мұхаммед әл-Мансур 719 (һ. 101) жылы Хумайма қаласында дүниеге келген. 775 (һ. 158) дүниеден озды. Аббаси мемлекетінде жиырма бір жыл басшылық етті [1]. Аббаси мемлекетінің ең танымал, батыл әрі пікірлерімен танылған Мансур 755 (һ. 137) жылы Мәуереннаһр (Орта Асия) түркілеріне көп көмек беруімен де танылған.

    Ислам тарих әдебиеттерінде, Мансурдың халифалығы уақытында жалдамалы жауынгерлерді қолдана бастағаны білінеді. Өйткені, Мәуереннаһрдан шыққан түркілердің бақуатты әрі әскерге бейімділігі мен оларды қамтамасыз етуді негізге алғаны байқалады. Көтеріліске шыққан мұсылман немесе басқа да халықтарды тоқтату үшін жалдамалы жауынгерлерді қолданған.

    Бұндай күштен хабардар болған басқада мемлекеттердің басшылары Мансурдан көмек сұраған. Көмек сұрағандардың бірі – Қытай қолбасшылары Мансурға хат жолдап, халқының ішінен шыққан бүлікшілерін тоқтауға күші жетпегенін айтып, әскер сұраған. Халифа Мансур болса, төрт мың жалдамалы түрік әскерін жіберіп, қытай халқының бүлікшілерін басып, тыныштық пен бейбітшілік орнатып берген [2].

    Қытай патшалығы бұл ісінің ақысы ретінде келісілген қаржыдан бөлек, төрт мың жауынгерге, қытайлық төрт мың қыз қоса берген. Қаласа өзімен бірге алып кетуін, қаласа Қытай жерінде қалуына рұқсат беретінен білдірген. Жауынгерлердің ішінде қытай топырағында жанұя құрып, жерлескен жауынгерлердің ұрпақтары – «Дүнген» деп аталып кеткен.

    Бұл халық, қытайлардың дінінен бас тартып, мұсылмандықты қабылдағаны үшін — «Дүнген» деп аталып кеткен. Тілі мен жазуында немесе түрінде емес, олардың айырмашылығы ғасырлар бойы Ислам дінін ұстанып, Ислам мәдениетінің мұрагерлері болуында [3]. Дүнгендердің аталары Түркі мұсылмандары, ал шешелері қытайлар [4].

    Ислам тарихындағы Мәуереннаһр, қазіргі басып көпшілігі Қазақ елінің аумағы болып саналатын жер. Бұл аймақтан көптеген ғалымдармен қатар, батыр жауынгерлер шыққаны тарихымызда айтылған. Осындай ұлағатты ұстаздар мен ержүрек батырлардың ұрпағы болғанымыз үшін де, өзімізді бақытты деп білуіміз қажет. «Ұстазымызды қадірлеп, батырымызды бағалайтын» ұрпақ болуымызды жазсын.

    Пайдаланылған әдебиеттер:

    [1] Ислам тарих энциклопедиясы, www.ehlisunnetbuyukleri.com

    [2] С.Ғылмани, Құранға жабылған жалалар мен өтіріктер, б. 31.

    [3] Editör: Dr. Muhammet Sava Kafkasyalı, Orta Asya’da İslâm: 2012. 1287

    [4] С.Ғылмани, Құранға жабылған жалалар мен өтіріктер, б. 32.

    Исатай Бердалиев

    Пікір жазу