Таразыдан жеп қапы қалған көрші

    311

    Күндердің күнінде азық-түлікті әрең тауып күн көріп жүрген тақуа жұбайлар болады. Олардың базарда сауда сатумен айналысатын көршісі болады. Асим есімді отағасы сол көршіден күнде 1 келі шекер алып, есесіне оған күнде 1 келі май жасап беріп отырады. Содан күндер өтіп бір күні көршісі алып жүрген майдың салмағы 1 келі болатындығына күмәнданып оны таразыға тартып көрсе 900 грамм шығады. Ертесіне май алып келген Асимге көршісі:

    — Мен бұдан былай сендерден май алмаймын. Сендер таразыдан жеп маған 1 келінің орнына 900 грамм май сатып келесіңдер, дейді.  Асим төмен қарап:

    — Құрметті көршім! Бізде арнайы тарызы жоқ еді. Күнделікті сізден алған 1 келі шекердің салмағына қарап біз осы майды өлшейтін едік. Демек, сіздің бізге сатып жатқан шекердің салмағы 900 грамм болғаны шығар, деп көршісін ұялтып қояды.   

    Жалғас АСХАТҰЛЫ,

    дінтанушы