Танымал теолог ақсайлықтармен кездесті

    255

    23 тамыз. KAZISLAM – «Нұр-Мүбәрәк» Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы  экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры, Phd докторанты Асқар Сабдин Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының тұрғындарымен кездесті.

    Іс-сапар барысында аудандық ІІБ қызметкерлерімен, аудан жастарымен кездесіп, АТТ мүшелеріне, мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, дінтану пәні мұғалімдеріне оқыту семинарын өткізді.

    Кездесудің мақсаты – бүгінгі қоғамда болып жатқан террорлық түрлі оқиғалар туралы жастарға, сала мамандарына дұрыс бағыт-бағдар беру, оларды жаман іс-әрекеттерден сақтандыру болып табылады.    Жиын қонағы Асқар Ғалымжанұлы жалпы бүгінгі әлемде, қоғамда болып жатқан террорлық әрекеттер мен дінаралық қақтығыстар туралы, сондай-ақ қазіргі уақыттағы дәстүрлі емес діни ағымдардан қалай сақтану, олардың қоғамға келтірер зияны туралы  мәселелерге тоқталды.

    Сұхбаттасу барысында тыйым салынған ұйымдарға жастарды тартудың себептері, теологиялық сипаттағы өзекті проблемалар талқыланды.

    Кездесу сала мамандарының, жастардың сенімін арттыруға және қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты сақтауға бағытталған белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Сонымен қатар қатысушылар тарапынан дін мәселесіне байланысты өзекті де маңызды сұрақтар қойылып, оларға нақты жауаптар алынды.