Сәләфизм ағымына ергендер сотталды

    419

    19 қыркүйек. KAZISLAM –  Түркістан облысында сәләфизм жақтастары діни алауыздық үшін сотталды, деп жазады ernur.kz.

    ҚР ҚК 174 бабының 1 тармағы бойынша Сайрам, Жетісай аудандары мен Түркістан қаласының 3 тұрғыны 3,5 жылдан шартты түрде жауапкершілікке тартылды.

    Ұрланған ұялы телефондарды сатып алу мен сату және экстремисттік сипаттағы материалдарды тарату күдігімен үстіміздегі жылдың 4 мамырында Түркістан облысының 4 ауданында (Түркістан қ., Жетісай, Сайрам және Сарыағаш аудандары) жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында 60 жуық «сәләфизм» деструктивті діни ағымын ұстанатын тұлға ұсталды.

    Сот үкіміне сәйкес экстремисттік деп танылған Д.Махаматовтың аудио және видео уағыздарын өздерінің сатылымындағы смартфондарына ендіріп сатқан. Қазіргі таңда барлық сотталғандар кінәларын мойындап, діни тақырыптағы сұрақтарына жауап алуға жергілікті мешіт имамдарына баратындықтарын жеткізуде.

    Пікір жазу