Ғибратты әңгімелер

Сұлтан Фатихты риза еткен саудагер

Бұл уақыт – Осман империясы дүркіреп тұрған сәті еді. Көшеге халықтың жағдайын, тыныс-тіршілігін біліп қайтайын деген Сұлтан Фатих ешкім танымасын деп қарапайым болып киініп базарға шығады. Содан базарда бір дүкенге кіріп:

— Маған 1 кг. май, 1 кг. бал, 1 кг. ірімшік бересіз бе?, дейді сатушыға. Ол 1 кг. май салып ақшасын аларда:

— Ағасы, қалғанын мына көрші дүкеннен алыңыз. Себебі, ол таңертеңнен бері ештеңе сатқан жоқ еді. Саудасын жүргізіңіз,-дейді. Сұлтан Фатих кідірместен келесі дүкенге барып саудасын жалғастырады. Ол жерде:

— Маған 1 кг. бал, 1 кг. ірімшік бересіз бе?-деп сұрағанда сатушы:

— Аға, мен бүгін саудамды жасап, бала-шағамның несібесін тауып қойдым. Сіз одан да келесі көрші дүкенге барыңыз, мүмкін сол кісілер әлі саудасын жүргізбеген болар,-деп шығарып салады.

Мұсылмандардың мұндай бір-біріне деген қарым-қатынастарын көріп іштей риза болған басшы:

— Осындай жайдарлы, адамгершілігі мол халықтың тыныштығын бұзған адам екі дүниеде де оңбас,-деп сарайына қайтқан екен.

Жалғас АСХАТҰЛЫ,

дінтанушы

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close