Сыр елінде АТТ мүшелеріне арналған курс аяқталды

    349

    22 тамыз. KAZISLAM – Бүгін Қызылорда қаласында ұйымдастырылған ақпараттық-түсіндіру топтарының түрлі деңгейдегі мүшелерін 4 күндік оқыту курсы аяқталды.

    Курсты ұйымдастырған «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы соңғы күні оқу бағдарламасын толық меңгерген АТТ мүшелеріне аттестациялау жүргізіп, нәтижесінде сертификаттар мен арнайы куәліктер табыстады.

    Ұйымдастырылған 4 күндік курсқа Қызылорда облысының қала және аудан әкімдігі жанынан құрылған дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру топтарының 54 мүшесі қатысты.

    Қатысушыларға ҚМДБ ғұламалар кеңесінің хатшысы, халықаралық қатынастар және хаттама бөлімінің меңгерушісі, PhD доктор Ершат Оңғаров, Павлодар қаласының Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры, т.ғ.к. Гүлназ Мақсұтқызы, Дінтану сараптамасы орталығының қызметкері Жарас Аханов, елімізге белгілі исламтанушы Батырбек Убаев және т.б. дәріс өткізді.

    Жыл басынан бері мемлекеттің қолдауымен өңірлерде Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы (АТТ) мүшелерін қайта даярлау курсының өтіп жатқанын хабардар етіп келеміз.

    Еске сала кетейік, апта басында «Қызылордалық АТТ мүшелері біліктіліктерін арттыруда» деп хабарлаған болатынбыз.

    Оқи отырыңыз: Экстремизммен күресте АТТ жұмысының маңызы зор.