Сын түзелмей, шын өмір жоқ

    0
    585

    Әбу Бәкір Сыддық: «Адамдардың ішінде Алла Тағалаға ең қатты бойұсынатыны өзінің қате-кемшілігіне қатал сынмен қарай білетіні»,-деген.

    Бұл өте нәзік мәселе. Қарап тұрсаңыз, жақсылық жасамайтын адам некен-саяқ. Кез келген адам жақсылық атаулының бір легін жасайды. Тіпті, жақсылық және қайырымдылығымен елге танымал болған адамдар да аз емес. Алайда, «көз қысты, бармақ басты» дегендей жемқорлық, ұрлық және құзіретін асыра пайдаланып заңды белінен басу секілді күнәға немесе қылмысқа итермелейтін себептердің оңтайы туғанда оңай олжадан бастартуға шамасы жете ме немесе заң алдында жауапкершілікті сезіне ме, әлде жалтарып кете ме? Басқа сөзбен айтқанда, өзінің ар-намысы сотының алдында қаншалықты адал? Қалауын жеңе алмай, нәпсісін тізгіндей алмай сорлай ма? Демек, жақсылық жасау – құлшылық. Қылмыс жасау – күнә. Құлшылықтың құны жақсылық жасаумен емес, жамандықтан тиылумен өлшенеді. Осы ойды табиғин Сәһл бин Абдулла Тустари (р.а.) былай жеткізеді: «Жақсылық істерді жақсы адам да, пасық адам да жасайды. Бірақ, күнә атауынан тек шыншыл ғана аулақ жүреді»,-деп жеткізеді. Міне, бұл сахаба Сыддықтың сөзінің мәнін екінші қырынан аша түсуде.

    Осы орайда, ораза жайлы «Кімде-кім жалған және өтірік сөзі мен іс-әрекеттен тиылмаса оның тамақ пен сусыннан тыйылғанының Алла Тағала ешбір керегі жоқ»,-деген хадистің мағынасы айқындала түскен сияқты.

     Руслан ҚАМБАР