Суицид бойынша Қазақстан Орта Азияда «көш бастап тұр»

    428

    14 шілде. KAZISLAM – Орта Азиядағы суицид көрсеткіші жаһандық көрсеткіштен асып кеткен. Соның ішінде Қазақстандағы суицид көрсеткіші Орта Азия елдерінің арасында ең жоғары болып тұр, деп жазады islam.kz.

    Яғни, жүз мың адамға шаққанда өз-өзіне қол жұмсау бойынша 48,1 оқиғасы тіркеледі екен. Бұл жайында «CA-news» ақпарат көзі Орта Азия университетінің бұл бағыттағы зерттеу нәтижесіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

    Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, Қазақстанда, яғни, елімізде 100 мың адамға шаққанда өз-өзіне қол жұмсау бойынша 48,1 оқиғасы тіркеліп отыр:

    Екінші орыннан көрінген Түркменияда 100 мың адамға шаққанда бұл көрсеткіш 15,8-ді құрап отыр: Үшінші орынға Өзбекстан жайғасқан — 13,6; Төртінші орында Қырғызстан — 13,4; Орта Азия бойынша ең төменгі көрсеткіш Тәжікстанда тіркелген — 7,2.