Жаңалықтар

Стамбұлда шіркеу салынады

Астана. 14 қаңтар. KAZISLAM – Түркия тарихында 1923 жылдан кейін тұңғыш рет христиан шіркеуі ашылады, деп хабарлайды Islam-today.

Жаңа сириялық шіркеу ғимаратының құрылысы Стамбұл қаласында ақпан айында басталады. Жоспар бойынша 700 адамға арналған шіркеу алдағы екі жылдың ішінде ашылады.

Еске сала кетсек, 2015 жылы Түркияда ислам дінінен бөлек өзге сенім иелерімен кездесуде сол кездегі республиканың премьер-министрі Ахмет Давутоглу шіркеу салу туралы айтқан болатын. Түркия қоғамында шіркеу ғимаратының қажеттілігі елге көршілер Сириядан келіп жатқан босқындар ішіндегі сиро-яковиттік қауымның көбеюіне байланысты туындаған. Қазір Стамбұл қаласында 25 мыңнан аса дін өкілдері бар.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close