Сирия мен Ирактан қайтарылған балалар қоғамға қауіп төндірмей ме?

    173

    Әлемдік тәжірибе бойыша өзге мемлекеттер террористік ұйымдардың әрекетін көріп өскен 13 жастан асқан балаларды қайтармайды, себебі олармен жұмыс жасау күрделі, кейбір дүниелер саналарына терең сіңіп кеткен деп түсіндіреді. Ал Қазақстан әртүрлі жастағы балаларды Отанына қайтарды. Балалардың санасын дұрыстау қаншалықты мүмкін? Олар қоғамға қауіп төндірмей ме?

    Мамандардың тұжырымы бойынша адамның санасындағы көптеген көзқарастар мен дүниетанымдық ұстанымдардың басым көпшілігі (80%) 5-6 жастарға дейін қалыптасатындығы, қалған аз ғана бөлігін өмір бойы қалыптастыратындығы айтылады. Бұл тұжырым бойынша 13 жасына толған жасөспірімнің дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру уақыты әлдеқашан өтіп кеткендігін білдіреді. Оның үстіне террористік ұйымдар, соның ішінде ИШИМ (Қазақстанда тиым салынған) сияқты ұйымдар 6 жастан үлкен балаларды муаскар деп аталатын әскери және соғысқа дайындық тәрбиесі бергендіктен 13 жасында бұл салада недәуір алға кетеді. Сонымен бірге кәпір, жиһад, шәһид сияқты діни сенімдермен жандүниесіне де өздерінің таңбасын ойып жазады. Міне содан да болса керек көптеген мемлекеттер 13 жасынан асқан жасөспірімдер мен үлкендерді террористік ұйымдардың қатарынан қайтарып алуға талпыныс білдірмейді.

    Қазақстан басқа елдерден ерекше азаматтарына ешқандай бөліп-жармай барлығын қайтарып алуда. Әрине, қайтарылғаннан кейін азаматтардың соғыс жағдайына қатысу-қатыспау әрекеттерін, психикалық теологиялық деңейлерін анықтау істері жүргізіледі. Десе да балалардың санасындағы қатаң идеологиялық сенімдерді сейілту барынша қиын деуге болады. 2-3 жастарындағы балалар мүмкін өміріндегі болған жағдайларды ұмытуы мүмкін, оның өзінде анасы, жақындары бұған мүдделі болса. Ал 10-13 жасқа келген балалар енді өмір бақи бұл көзқарастарды өздерімен бірге алып жүреді. Ерте ме, кеш пе санасындағы өшпенділікті (әкелерінің кегін алу, кәпірлермен күрес т.б.) жарыққа шығаруы мүмкін. Сондықтан бұдан кейінгі тәрбиесінде ересектермен қатар мұқият түсіндіру, оңалту жұмыстарына қажеттілік бар.

    Екінші жағынан әрбір адамның бейімделуі, көзқарастарының өзгеруі мүмкін жағдай. Террористік ұйымдардың қатарында көрген қатыгездікке қайта жолықпау үшін өмірін өзгертуге, Қазақстандық келісім жүйесінде өмір сүруге талпыныс білдірген кез-келген азамат бала болсын, ересек болсын бұда кейінгі өмірін өздері айқындауға мүмкіндіктері бар. Қоғам да оларды сыртқа теппей барынша қол ұшын созуы қажет болады. Әсіресе, қақтығыс ошағынан келген балаларды тысқа итермелейтін болсақ, олардың айыптаулары күшейіп, болашақтағы қайшылықтарына түрткі болатындығын естен шығармаған дұрыс. Радикализацияның басы қалыпты қатынастардан изолияциядан, тұйықталуда басталатындығы белгілі. Сондықтан аталмыш жастағы жасөспірімдерге көбірек көңіл бөліп қалыпты өмірге бейімдеуге болатындығына сену қажет. Сондықтан еліміздегі радикалды ұйымдардың қатарындағы азаматтарды дерадикализация жұмысы түбегейлі нәтижесіз еместігі анық. Сондықтан еліміздің артықшылығы ретінде азаматтардың дерадикализациясына ерекше көңіл бөліп, оңалту жұмыстарына қыруар еңбек жасауында болып отыр. Бұл да әлемде теңдесі жоқ гумандылықтың үлгісі. Радикалды топта жүрген азаматтар мұны ертерек ұғынса тіптен жақсы, ал ұғынбаған жағдайда мемлекеттік басқа да тетіктері іске қосылады. Ел азаматын қабылдамау, қылмыстық жауапкершілікке тарту, болмаса террорлық топ мүшелерінің көзін жою еліміз үшін ең соңғы шара.

    Кеңшілік ТЫШХАН

    филос. ғ.к., дінтанушы 

    2 ПІКІРЛЕР

    1. Күні кеше «Жусан» операциясының аясында елге оралған әйелдердің бірі еліміздегі бейбітшіліктің, мамыражай тіршіліктің қадірін уақытында тү­сін­бегендігін, алайда Қазақстан билі­гі шетелдегі соғыс аймағында қалған азаматтарын құтқарғандығына риза­шы­лығын білдірген еді. Іс жүзінде қиын­дыққа душар болған азаматтарға қолдау көрсету – Елбасы бастамасымен қа­лыптасқан сыртқы саясаттағы басым­дық­тарымыздың бірі. Еліміз аман болсын.

    2. «Жусан» опе­рациясы бірнеше ай бойы жүргі­зіліп, оны ұйымдастыруда талай қиын­дықтар кезіккен екен. Осы орайда, елге қай­тарылған азаматтардан қандай да бір қауіп бар ма деген сауалдың туындайтыны да заңдылық? Олардан келген ер азаматтардың көбісі сотталды. Балалар мен аналар бақылауда. Тек елде жүрген жат ағым мүшелері осылардан сабақ алса игі болушы еді.

    Пікір жазу