Сирия лагерінде 230 бала қаза тапты

    0
    2

    Сирия араб республикасындағы Ресейдің жауласушы тараптарды ымыраластыру бойынша орталығының жетекшісі Виктор Купчишин АҚШ коалиция бақылауындағы Сирияның солтүстік-шығысындағы әл-Хол босқындар лагеріндегі апаттық ахуал туралы хабарлады, деп жазады РИА Новости.

    Оның айтуынша, бұл лагерьде кемінде 235 бала қаза тапқан. «Лагерьде күн сайын 10-20 адам мерт болады. Оның ішінде балалар да бар. Соңғы апталарда дәрі-дәрмектің, азық-түліктің және тұрмысқа қажетті заттардың тапшылығынан лагерьде жеті бала көз жұмды. Әл-Хол лагерінде қаза болған балалардың жалпы саны – 235» дейді Купчишин.

    Ол сондай-ақ әл-Хол лагері Сирияның ірі лагеріне айналғанын және халықаралық ұйымдарды босқындарға көмек көрсету үшін арнайы шаралар қабылдауға шақырды.