Жаңалықтар

Сирияда 40 мың содырға кешірім берілді

Астана. 15 наурыз. KAZISLAM – Сирия үкіметі заңсыз қарулы топтардың 40 мыңға жуық мүшесіне кешірім берілді. Бұл туралы Ұлттық татуластыру ұйымының директоры Яна Хаддур хабарлады.

Ұйым директорының айтуынша, содырларға берілген кешірім олардың бұдан былай заңсыз қарулы соғыстарға қатыспау міндеттеледі. Сонымен қатар Сирия үкіметінің ықпалымен террористік ұйым бақылауындағы аудандарда тұратын 6 мың әйелдің қауіпсіздігі қорғалып, қолайлы тұрмыс қамтамасыз етілді, деп жазады Islam Today.

Айта кету керек, Ұлттық татуластыру ұйымы Сирияда өткен жылдың соңында құрылған. Ұйым елдің премьер-министріне тікелей бағынады. Бұдан бөлек ұйым соғыс уақытында туған-туыстарынан, жақындарынан ажырап қалған адамдарға және босқындарға құжаттар алуына көмек берумен айналысады.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close