Сириядан оралған келіншектің ісі прокуратураға жолданды

    302

    23 шілде. KAZISLAM – Ақтөбе қалалық сотының судьясы Алима Адилова Сириядан келген келіншектің ісін прокуратураға қайта жіберді деп хабарлайды, — Aktobenews.kz тілшісі.

    Сотталушы Ақмарал Алмағамбетова «Жусан» операциямымен 9 мамырда елге жеткізілген. Ол ҚР ҚК-нің 174 бап 1-бөлігі және 256 бап 2- бөлігімен қамауға алынған.

    «Сотталушы 2014 жылдың қаңтар айында ақпараттық желілер арқылы терроризмді насихаттап, ұлттық алауыздықты қоздырып, азаматтардың ар-намысын қорлауға бағытталған әрекеттер жасаған. ҚР ҚК-нің 174 бап 1-бөлігі және 256 бап 2- бөлігімен айыпталған Алмағамбетоваға қатысты жаңа келісім жасасу мүкіндігін ұсына отырып, іс прокурорға жіберілсін»,-деді судья Алима Адилова.

    Соталушы 2013 жылы үш баласы мен жолдасын тастап, Сирияға өтіп кеткен. Ол жақта әртүрлі ұлт өкілдерінен туған екі баласы бар. Келіншектің екі баласы да өзімен бірге Қазақстанға жеткізілген.