Сал ауруына шалдықса да, сағы сынбаған

    378

    Сал ауруына шалдыққан, тұрғыны үш университет бітірген және үш кітап жазып шыққан 47 жастағы азамат – Түркия астанасы Анкара қаласының тұрғыны Мұстафа Муджуроғлы. 

    Екі қолы мен екі аяғы сал болғанына қарамастан ол өмірге деген құлшынысын, сенімін жоғалтпаған. Тіпті, қазір ол төртінші жоғары білімін алып жатыр. 

    Сәби кезінде Мұстафа Муджуроғлы сары аурумен ауырады, біраз уақыт өткенде дәрігерлер балаға ЦСА (церебральды сал ауруы) диагнозын қояды. Ұзаққа созылған емдеуден соң ол ғимарат іші мен көшеде қозғалуына көмектесетін мүгедектер арбасына үйреніп те алған.

    Мұстафаның анасы Мерал Ипек ұлының барлық бастамасына қолдау көрсетіп келеді. Анасының махаббаты мен қамқорлығының арқасында Муджуроғлы мектеп пен лицейді, кейіннен университетті сәтті аяқтады. Ол техникалық және экономикалық білім алды, сонымен қатар қоғаммен байланыс жөніндегі маман атанған.

    Қазіргі таңда Мұстафа Анкарадағы ең үздік университеттердің бірінде философияны зерттеп, жұмыс істеп жүр.

    Бос уақытында ол кітап оқығанды жақсы көреді, өзі де әңгімелер жазады. Кітаптарын ол қаламсапты тістеріне қыстыру арқылы жазады, ал компьютермен жұмыс істегенде пернелерді  таяқшаның көмегімен басады.

    «Мен өзімді біреуге үлгімін деп ойламаймын. Дәлірек айтсақ, мен өзіме назар аудартамын. Менің өмір жолымда теріс нәрселер көп болды, дегенмен қиын жағдайларды еңсеруге көмектескен көп достар таптым. Мен ешқашан күресуді тоқтатпаймын», — дейді Мұстафа.

    Университет пен жұмысқа оны анасы апарады. Қайырымды жандардың көмегімен Муджуроғлы отбасы автокөлік сатып алған. Көліктің бар екендігіне қарамастан Мұстафа автобуспен жүргенді ұнатады. Оның айтуынша, осылайша ол өзінің қоғамның бір мүшесі екендігін көрсетеді. Кейде жүргізушілер өзгеше жолаушыны алудан бас тартады, мұндай жағдайларда Мұстафа өзінің заңды құқықтарын қорғайды екен.