«Салихалы амал» дегенді қалай түсінеміз?

    362

    Сұрақ: «Салихалы амал» дегенді қалай түсінеміз?

    Жауап: Дінімізде «салихалы амал» деп, алдымен Алла Тағалаға ғибадат пен Алланың құлдарына пайдалы істер жасауды айтамыз. Халал және шариғат шеңберіндегі барлық істер дұрыс жасалатын болса, салихалы амалдар болып саналмақ.

    Сонымен қатар «салихалы амал» ұғымының өте кең екенін ұмытпау қажет. Алла Тағала жүзге жуық аятта «иман етіп, салихалы амал істеген» деп, иман етумен қатар салихалы амал жасағандар жайлы қатар айтқан. Бaкaрa сүресінің 25, 62, 82, 277 аяттарындағы «салихалы амал істеген» сөзі, ғибадаттармен қатар барлық пайдалы істерге айтылады.

    Салихалы амал кісіні көркем мінез және жауапкершілік қарекетке бағыттауы қажет. Салихалы бір мұсылманның ісі, жұмыс істеуі, өндірісі де дәл солай салихалы, яғни дұрыс болуы қажет.

    Сондықтан да Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын!) «Салихалы бір кісі үшін салихалы дүние неткен жақсы еді!» деп әрі салихалы кісіні, әрі оның халал табасын мақтауда. Өйткені, салихалы болмаған іс нәтижесі тұрғысынан басқасын қиыншылыққа душар ететіндіктен, нәтижесімен бірге, кісі ақысын да бірге алып келеді. Әділетсіз және харам табыс болса, сол кісінің ғибадаттарына кері әсерін тигізеді. Сондықтан ісі салихалы болмағанның өзі де, әсте салихалы бола алмақ емес.

    Салихалы амал ұғымының кең мәнге ие болғандығын қуаттайтын басқа аяттар да бар. Мысалы, Алла Тағала темір сауыттар жасауын әмір етісімен, артынша дереу хазіреті Дәуітке және отбасына «Салихалы амал жасаңдар!» дегенде, сауыттарды мықты етіп жасауды ескерткен еді.

    Салихалы амал мұсылмандарға тек қана ақырет бақыты үшін емес, әсемдіктерге толған мына дүние өміріне де ұсынған жол: «Еркек немесе әйел кімде кім мұсылман болып салихалы амал жасайтын болса, әрине оған жақсы бір өмір нәсіп етеміз және оларды сыйын жасағандарының ең жақсысын береміз». Нахыл сүресінің осы аятында, иман мен салихалы амалдардың алдымен «дүниеде жақсы бір өмір сүргізетіні» нақты айтылуда.

    Тек қана істер емес, адамдар да «салихалы» болмақ.

    Салихалы бала иесі болу, шүкір етерлік жағдай. «Егер бізге игі бала берсең, әрине шүкір етушілерден болар едік» (A’раф, 7/189).

    Салихалы әкенің балалары кейде салихалы емес істер жасауы мүмкін. Айтқандай Нұхтың жалынуын қаперіне алмаған, топан суды көріп тұрса да, пәледен құтқаратын кемеге мінбеген баласының осы халі Құранның тілімен «салихалы болмаған бір амал» деп айтылған.

    Сондай-ақ, Құранда:

    «Аллаға шақырған, салихалы амал жасаған және «күмәнсіз мен мұсылмандар қатарындамын» дегеннен артық жақсы сөзді кім болуы мүмкін?» деп айтылған (Фуссилет, 41/33).

    Салихалы амал мұсылмандардың дүние мен ақыреті үшін маңызды рөл ойнайды. Бір бәдәуи Алла елшісінен адамдардың ең жақсысының кім екендігін сұрайды. Пайғамбарымыз: «Өмірі ұзақ және амалы жақсы болғаны» деп жауап берген екен.

    Балғабек Мырзаев

    Пікір жазу