Салах  әлемнің 100 ең ықпалды тұлға тізіміне енді

    315

    Time америкалық журналы египеттік футболшы, Ұлыбританияның «Ливерпуль» және Египеттің құрама командаларының ойыншысы Мохаммед Салахты әлемнің ең ықпалды 100 тұлға тізіміне енгізді, деп жазады Eurosport.ru.

    Бұл тізім басылым редакторларының пікірлері, сондай-ақ өткен жылы тізімге енген адамдардың пайымдары негізінде құрылған. Мохаммед Салахпен қатар тізімге тағы төрт спортшы енген. Олар – америкалық гольфшыТайгер Вудс, желаяқ Кастер Семеня (ОАР), жапон теннисшісі Наоми Осака, америкалық баскетболшы Леброн Джеймс және америкалық футболшы Алекс Морган.

    Еске салсақ, 2019 жылдың қаңтар айында 26 жасар Мохаммед Салах екінші рет Африканың үздік ойыншысы деп танылды.